23.03.2026 13:24

«Ювентус» «Реал» ойыншысына көз тікті

23.03.2026 13:24

«Реал» қорғаушысы Антонио Рюдигер «Ювентуске» ауысуы мүмкін

Tuttosport хабарлауынша, қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Туриннің клубы оған екі жылға жарамды болатын келісімшарт ұсынып отыр. Бас бапкер Лучано Спаллетти оны өз командасында көргісі келеді.

Ал «Реал» Рюдигерді жібергісі жоқ. Керісінше онымен келісімшартты тағы бір жылға созуды көздейді.

Рюдигер осы маусымда 18 матчқа қатысып, бір гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram