23.03.2026 18:38

Германияның екі ойыншысы жарақат алды

23.03.2026 18:38

Германия құрамасының екі ойыншысы қатардан шықты

Атап айтсақ, жартылай қорғаушылар Александер Павлович («Бавария») пен Феликс Нмеча («Боруссия» Дортмунд) жарақат алды. Павловичті сан бұлшық еті мазалайды екен, ал Нмеча тізесінің сыртқы жағындағы байламын созып алыпты.

Осыған байланысты олардың орнына «Штутгарттан» Ангело Штиллер мен Крис Фюрих шақырту алды.

Юлиан Нагельсманн шәкірттері осы айда екі жолдастық кездесу өткізеді. Алдымен 27 наурыз күні Швейцариямен кездессе, араға үш күн салып, Ганамен шеберлік байқасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram