23.03.2026 18:18

Англияда өзгеріс: Куансаның орнына Уайт ойнайды

23.03.2026 18:18

«Байер» қорғаушысы Джаррел Куанса жарақат алды

23 жастағы ойыншы бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты оның орнына Англия құрамасына «Арсеналдан» Бен Уайт шақырту алды. Осылайша «Реал» ойыншысы Трент Александер-Арнольд тағы да құрамадан тыс қалды.

Одан бөлек жарақат алған «Арсенал» жартылай қорғаушысы Эберечи Эзенің орнын «Ньюкаслдағы» Харви Барнс басты.

Томас Тухель шәкірттері осы айда екі жолдастық кездесу өткізеді. Алдымен 27 наурыз күні Уругваймен кездессе араға төрт күн салып, Жапониямен шеберлік байқасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram