24.03.2026 12:27

Каземиро ат басын Италияға бұруы мүмкін

24.03.2026 12:27

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Каземиро мансабын Италия А Сериясында жалғауы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, оған «Наполи» мен «Милан» қызығушылық танытуда. Олар Каземироны жазғы трансфер кезеңінде еркін агент ретінде алуды көздейді.

34 жастағы бразилиялық ойыншы бұған дейін «Әл-Наср» және «Интер Майамимен» келіссөз жүргізіпті. Бірақ өзі Еуропада қалуды жоспарлап отыр.

Каземиро осы маусымда 30 матчта жеті гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Ол бұған дейін маусым соңында «Манчестер Юнайтедтен» кететінін хабарлаған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram