24.03.2026 12:11

Дэвис «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін

24.03.2026 12:11

«Бавария» қорғаушысы Альфонсо Дэвис мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, Дэвиске көз тігіп отырған біраз клубтың қатарына «Манчестер Юнайтед» те кіреді. Манкуниандықтар оны жазғы трансфер кезеңінде қатарға қосуды көздейді.

Ал «Баварияға» Дэвистің жиі жарақат ала беретіні ұнамайды екен. Сондықтан Альфонсоны сатуға әзір және кез-келген ұсынысты қарастырмақ.

25 жастағы канадалық ойыншы Мюнхен клубының намысын 2019 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда жарақатына байланысты тек 13 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram