24.03.2026 16:00
Хакими «Реалға» оралуды қалайды
24.03.2026 16:00
ПСЖ қорғаушысы Ашраф Хакими «Реалға» ауысуы мүмкін

Рамон Альварестің хабарлауынша, Мадрид клубы оны шау тартқан Дани Карвахальдың орнын басатын футболшы ретінде көреді.
Ашрафтың өзі де бұрынғы клубына оралуды аңсайды. Ол тіпті әлдеқайда аз жалақыға ойнауға көніп отыр. Ал ПСЖ оны 80 миллион еуроға бағалайды.
Хакими — «Реал» түлегі. Ол «бланкос» намысын 2006-2020 жылдары аралығында қорғады. 27 жастағы марокколық ойыншы осы маусымда 24 матчта үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.