24.03.2026 13:58

Санчо «Боруссияға» оралуы мүмкін

24.03.2026 13:58

«Астон Виллада» жалда ойнап жүрген «Манчестер Юнайтед» вингері Джейдон Санчо бұрынғы клубы «Боруссияға» оралуы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 25 жастағы ағылшын ойыншысы «Манчестер Юнайтедпен» 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайды. Ал оны еркін агент ретінде «Боруссия» қайта алғысы келіп отыр.

Санчо осыған дейін Дортмунд клубының намысын 2017-2021 жылы қорғаған еді. Сондай-ақ 2024 жылы жарты маусым жалда ойнады. Ол осы маусымда 31 матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram