08.03.2026 12:31
Брандт «Боруссиядан» кетеді
08.03.2026 12:31
Юлиан Брандт «Боруссиядан» еркін агент ретінде кетеді

Дортмунд клубының директоры Ларс Рикеннің айтуынша, Брандтпен жаңа келісімшарт туралы келісімге келе алмапты. Осылайша 30 маусымда аяқталатын келісімшарт ұзартылмайтын болды.
Брандт «аралар» қатарына 2019 жылы «Байерден» 25 миллион еуроға келіп қосылған еді. Ол осы маусымда 32 матчта 10 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.