08.03.2026 03:24
«Манчестер Сити» камбэк жасады
08.03.2026 03:24
Англия кубогының 1/8 финалы аясында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Ньюкаслды» 3:1 есебімен тізе бүктірді

«Сент-Джеймс Паркте» өткен кездесуде есепті Харви Барнс ашқан еді. Кейін Омар Мармуш дубльдің және Савио бір голдың авторы атанды.
Осылайша «қалалықтар» турнирдің ширек финалында ойнау мүмкіндігіне ие болды.
29 турдан кейін 60 ұпай жинаған Пеп Гвардиоланың шәкірттері Ағылшын Премьер-лигасында екінші орында келеді. Келесі ойынын команда 11 наурыз күні Чемпиондар лигасы 1/8 финалының аясында «Реалға» қарсы түзде өткізеді.