07.03.2026 21:14

Нойер қатардан шықты

07.03.2026 21:14

«Бавария» қақпашысы Мануэль Нойер жарақат алды

39 жастағы неміс ойыншысы Мёнхенгладбахтың «Боруссиясына» (4:1) қарсы матчта бұлшық етін зақымдап алыпты.

Осыған байланысты ол Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы «Аталантаға» қарсы бірінші ойынға қатыспайтын болды. Ал қатарға қашан оралатыны нақты белгісіз.

Нойер осы маусымда 29 матчта 27 гол өткізіп, 10 ойында қақпасына доп жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram