07.03.2026 19:22

«Ақтөбе» «Тобылды» тізе бүктірді

07.03.2026 19:22

Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы турында «Ақтөбе» өз алаңында «Тобылды» тізе бүктірді

«Түркістан Аренада» өткен кездесуде 4:1 есебі тіркелді. Номиналды алаң иелері саналған «Ақтөбе» сапында Даниэль Соса, Аждин Зелькович, Тимур Досмағамбетов және Иван Ордец мергендік танытты. Ал қонақтардың жалғыз голын Жаслан Жұмашев соқты. Сондай-ақ Луис Герра пенальтиден мүлт кетті.

Келесі турда «ақ-қызылдар» «Қайратқа» қонаққа барса, Қостанайдың клубы «Жетісуды» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram