07.03.2026 17:50

«Қайрат» маусымды жеңіспен бастады

07.03.2026 17:50

Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы турында «Қайрат» «Алтайдың» осал тұсын тапты

Алматыдағы «Хан-Тәңірі» стадионында өткен кездесу 0:1 есебімен аяқталды. Номиналды алаң қонақтары саналған «Қайраттың» құрамында Жоржиньо 64-минутта мергендік танытты.

Осылайша «сары-қаралар» маусымдағы алғашқы ойында алғашқы үш ұпайды еншіледі.

Рафаэль Уразбахтин шәкірттері келесі турда 16 наурыз күні «Орталық» стадионда «Ақтөбені» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram