07.03.2026 19:31

«Арсенал» Англия кубогының ширек финалына шықты

07.03.2026 19:31

Англия кубогының 1/8 финалында «Арсенал» сырт алаңда үшінші дивизионның клубы «Мансфилд Таунды» 2:1 есебімен жеңді

Лондон клубының сапында Нони Мадуеке мен Эберечи Эзе гол авторы атанды.

Осылайша «зеңбірекшілер» ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, 30 турдан кейін 67 ұпай жинаған «Арсенал» Ағылшын Премьер-лигасында көш бастап тұр. Микель Артетаның шәкірттері келесі ойынын 11 наурыз күні Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында «Байерге» қарсы өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram