08.03.2026 02:00
«Челси» Англия кубогының ширек финалына шықты
08.03.2026 02:00
Англия кубогының 1/8 финалы аясында «Челси» Чемпионштиптің клубы «Рексхэмді» (4:2) қапы қалдырды

Рексемде өткен кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапында Сэм Смитт пен Каллам Дойл гол соқты. Оған «Челсиден» Джошуа Ачимпонг жауап қайырды. Сондай-ақ Артур Оквонко автогол авторы атанды. Ал қосымша экстра-таймда Алехандро Гарначо мен Жоау Педро мергендік танытып, командасына жеңіс сыйлады.
29 турдан кейін 48 ұпай жинаған «ақсүйектер» Ағылшын Премьер-лигасында бесінші орында келеді. Лиам Росеньор шәкірттері келесі матчын 11 наурыз күні Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында ПСЖ-ға қарсы сырт алаңда өткізеді.