08.03.2026 03:08

«Барселона» жеңіске жетті

08.03.2026 03:08

Испания Ла Лигасының 27-турында «Барселона» сырт алаңда «Атлетикті» 1:0 есебімен тізе бүктірді

«Сан-Мамес» стадионында өткен кездесуде жалғыз голды 68-минутта Ламин Ямаль соқты.

Осылайша «блауграна» 67-ұпайына қол жеткізіп турнир кестесінде көш басында қалды.

Ханси Флик шәкірттері келесі турда 15 наурыз күні «Севильяны» қабылдайды. Ал одан бес күн бұрын Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында «Ньюкаслға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram