08.03.2026 11:37

«Интер Майами» жеңіске жетті

08.03.2026 11:37

АҚШ-тың MLS чемпионатының үшінші турында «Интер Майами» сырт алаңда «ДС Юнайтедті» тізе бүктірді

Матч 1:2 есебімен аяқталды. Флоридалықтардың сапында Родриго Де Пауль мен Лионель Месси мергендік танытты. Бұл Мессидің мансабындағы 899-голы болып тіркелді.

Осылайша Майамидің клубы алтыншы ұпайын еншілеп, турнир кестесінде төртінші орынға жайғасты.

Месси бастаған команда келесі турда 15 наурыз күні «Шарлоттқа» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram