08.03.2026 12:15

«Ливерпуль» 80 миллионға ойыншы алмақ

08.03.2026 12:15

«Ноттингем Форест» қорғаушысы Мурилло «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, Мерсисайдтың клубы 23 жастағы бразилиялық футболшыға ресми ұсыныс жасауға дайындалып жатыр. Ал «орманшылар» оны шамамен 70 миллион фунт стерлингке (80 миллион еуро) бағалайды екен.

Одан бөлек оған «Манчестер Юнайтед», «Челси» және Ағылшын Премьер-лигасының өзге де клубтары қызығушылық танытуда.

Мурилло осы маусымда 30 матчқа қатысып, екі гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram