23.04.2026 17:29
«Реалдың» екі ойыншысы қатардан шықты
23.04.2026 17:29
«Реал» ойыншылары Арда Гүлер мен Эдер Милитао жарақат алды

Арда оң аяқ, ал Эдер сол аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты олар маусымның қалған ойындарына қатыспайды. Бірақ екеуі де Әлем чемпионатына дейін сапқа оралады.
Гүлер осы маусымда 50 матчта алты гол соғып, 14 нәтижелі пас берді. Ал Милитао 21 ойынға қатысып екі гол мен бір ассисттің авторы атанды.