23.04.2026 15:26
«Манчестер Юнайтед» топ-жартылай қорғаушыға көз тікті
23.04.2026 15:26
«Манчестер Юнайтед» «Ноттингем Форест» жартылай қорғаушысы Эллиот Андерсонға көз тікті

The Athletic хабарлауынша, манкуниандықтар жазда бар күшін осы трансферге салып көреді. Бірақ «қызыл сойқандарға» Эллиот оңай бұйырайын деп тұрған жоқ. «Орманшылардың» қожайыны Эвангелос Маринакис басты ойыншысын 144 миллион еуродан кем сомаға сатпайды екен.
Одан бөлек Андерсонға «Манчестер Сити» мен «Бавария» қызығушылық танытуда.
23 жастағы Англия құрамасының ойыншысы «Ноттингем Форестке» 2024 жылы «Ньюкаслдан» 41,2 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 43 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.