23.04.2026 11:43
Бернарду Силва рекорд орнатты
23.04.2026 11:43
Ағылшын Премьер-лигасының 34-турында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Бёрнлиді» 1:0 есебімен тізе бүктірді

Бұл матчтан кейін Бернарду Силва «Манчестер Сити» сапында ең көп жеңіске жеткен ойыншы атанды. Бернарду 215-жеңісіне қол жеткізіп, Давид Силваға (214) тиесілі болған рекордты бұзды.
Ол бұған дейін АПЛ-де ең көп ойын (298) өткізген португалиялық ойыншы атанып, Луиш Боа Мортенің (296) нәтижесін жаңғыртқан еді.
Айта кетейік, Бернарду «Манчестер Сити» сапындағы соңғы маусымын өткізіп жатыр. Силва клуб намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді.