23.04.2026 10:26

Гнабри Әлем чемпионатына қатыспайды

23.04.2026 10:26

«Бавария» және Германия құрамасының шабуылшысы Серж Гнабри Әлем чемпионатына қатыспайтынын мәлімдеді

«Соңғы бірнеше күн маған ауыр тиді. Әлем чемпионатына қатыспаймын. Арманым орындалмайтын болды. Ел болып жігіттерге үйден қолдау білдіреміз. Енді қалыпқа келіп, маусым алды дайындыққа дейін қатарға оралу үшін барымды саламын»,– деді ол әлеуметтік желісінде.

30 жастағы форвард осыған дейін жаттығу кезінде бұлшық етін жарақаттап алған еді.

Айта кетейік, Германия биылғы Әлем чемпионатында Кюрасао, Кот-д'Ивуар және Эквадормен Е тобында ойнайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram