23.04.2026 02:56

«Барселона» жеңіске жетті

23.04.2026 02:56

Испания Ла Лигасының 33-турында «Барселона» өз алаңында «Сельтаны» 1:0 есебімен тізе бүктірді

«Камп Ноу» стадионында өткен кездесуде жалғыз голды Ламин Ямаль 40-минутта пенальтиден соқты.

Осылайша Каталонияның клубы 82-ұпайын еншілеп турнир кестесінде көш басындағы орнын нығайтты және екінші орындағы «Реалдан» тоғыз ұпай ұзап кетті.

Ханс-Дитер Фликтің шәкірттері келесі турда 25 сәуір күні «Хетафеге» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram