23.04.2026 02:06
«Бавария» Германия кубогының финалына шықты
23.04.2026 02:06
Германия кубогының жартылай финалында «Бавария» сырт алаңда «Байерді» 2:0 есебімен тізе бүктірді

«Бай-Аренада» өткен кездесуде Харри Кейн мен Луис Диас гол соқты.
Мюнхеннің клубы финалда «Штутгарт» – «Фрайбург» матчының жеңімпазымен кездеседі.
Венсан Компани шәкірттері өткен турда мезгілінен бұрын Германияның 35 дүркін чемпионы атанып қойған еді. Енді келесі матчын 25 сәуір күні «Майнцке» қарсы өткізеді.