23.04.2026 00:48
«Атлетико» «Эльчеден» жеңіліп қалды
23.04.2026 00:48
Испания Ла Лигасының 33-турында «Атлетико» сырт алаңда «Эльчеге» жол берді

«Мануэль Мартинес Валеро» стадионында өткен матч 3:2 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Андрезинью дубль жасап, Давид Аффенгрубер бір гол соқты. Ал Мадрид клубының құрамында Нико Гонсалес дубль авторы атанды. Сондай-ақ 20-минутта Тьяго Альмада алаңнан қуылып кетті.
Осылайша «матрасшылар» турнир кестесінде 57 ұпаймен төртінші орында қалды.
Диего Симеоне шәкірттері келесі турда 25 сәуір күні «Атлетикті» қабылдайды.