22.04.2026 22:31

«Челси» бас бапкерсіз қалды

22.04.2026 22:31

«Челси» бас бапкері Лиам Росеньор орнын босатты

Лондонның клубы 2032 жылға дейін жарамды келісімшартты мезгілінен бұрын бұзды. Енді маусым соңына дейін Каллум Макфарлэйн бас бапкер міндетін атқарады.

41 жастағы ағылшын маманы «көктерді» қаңтар айында тізгіндеген еді. Содан бері команда 11 рет жеңіске жетіп, екі мәрте тең түссе, 10 матчта қарсыласына жол берді.

34 турдан кейін 48 ұпай жинаған «ақсүйектер» Ағылшын Премьер-лигасында жетінші орында келеді. «Челси» 1912 жылдан бері алғаш рет қатарынан бес АПЛ матчында гол соға алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram