22.04.2026 19:51
Эстевао Әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін
22.04.2026 19:51
«Челси» вингері Эстевао жарақат алды

Ол «Манчестер Юнайтедке» (0:1) қарсы матчта тізе асты сіңірін зақымдап алыпты. Медициналық тексерістен кейін бұл жарақатының ауырлығы төртінші деңгей деп бағаланды. Осыған байланысты Эстевао үшін «Челсидегі» дебют маусымы аяқталды және Әлем чемпионатына қатысуы да неғайбыл. Алаңға шамамен 30 күннен кейін оралады деп күтілуде.
Бұған дейін Бразилияның «Реалда» ойнайтын тағы бір вингері Родриго тізе байламын үзіп алып, 10 айға қатардан шыққан еді.
«Пентакампеондар» 2026 жылғы Әлем чемпионатында Марокко, Гаити және Шотландиямен бірге С тобында ойнайды. АҚШ, Канада және Мексикадағы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.