22.04.2026 17:09

«Бавария» аңызы клубқа оралады

22.04.2026 17:09

«Баварияның» бұрынғы қорғаушысы Данте 11 жылдан кейін клубқа оралады

Sky Sports хабарлауынша, ол маусым соңында мансабын аяқтағаннан кейін 23 жасқа дейінгі «Бавария» командасының бас бапкері атанады. Қос тарап келісімшартқа қол қойып қойған екен. Данте осыған дейін бапкерлікке бет бұрғысы келетінін айтқан еді.

«Менің мақсатым – бапкер болу. Мұны асыға күтіп жүрмін. Өз тәжірибемді бөлісіп, әр баланың футболи қабілетін және адами қасиетін дамытқым келеді»,– деген ол.

Данте Мюнхен клубының намысын 2012-2015 жылдары қорғаған. Осы аралықта Германияның үш дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында топ жарды. Ал қазір 2016 жылдан бері «Ниццада» ойнайды. 42 жастағы бразилиялық ойыншы осы маусымда 16 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram