22.04.2026 11:44

«Челси» бас бапкерсіз қалуы мүмкін

22.04.2026 11:44

«Челси» бас бапкері Лиам Росеньор орнын босатуы мүмкін

Indykaila News хабарлауынша, Лондон клубының басшылығы «Брайтонға» (0:3) қарсы жеңілістен кейін төтенше отырыс жасап, бас бапкер Росеньор туралы талқылапты. Осыдан кейін Лиам алдағы 48 сағаттың ішінде қызметінен қуылуы мүмкін.

41 жастағы ағылшын маманы «көктерді» биыл 8 қаңтарда тізгіндеген еді. Оның тұсында команда 11 рет жеңіске жетіп, екі мәрте тең түссе, 10 ойында қарсыласына жол берді.

34 турдан кейін 48 ұпай жинаған «ақсүйектер» Ағылшын Премьер-лигасында жетінші орында келеді. «Челси» 1912 жылдан бері алғаш рет қатарынан бес АПЛ матчында гол соға алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram