22.04.2026 10:56

Мбаппе рекорд орнатты

22.04.2026 10:56

«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе рекорд орнатты

27 жастағы француз форварды Ла Лиганың 33-турында «Алавес» (2:1) қақпасын дәл көздеді. Осылайша төрт маусым қатарынан топ-5 лига клубында 40+ гол соққан алғашқы ойыншы атанды.

Мбаппе Мадридтің клубына 2024 жылы ПСЖ-дан еркін агент ретінде ауысып келген еді. Ол осы маусымда 40 матчта 41 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram