22.04.2026 09:10
Левандовски жақында «Ювентуспен» кездеседі
22.04.2026 09:10
«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски «Ювентуске» ауысуы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, жақында қос тарап кездесіп, келіссөз жүргізбек. Туриннің клубы оны еркін агент ретінде алғысы келеді және 2027 жылға дейін жарамды болатын келісімшарт ұсынды. Оған сәйкес бір маусымдағы жалақысы алты миллион еуроны құрайды.
Сондай-ақ оған MLS клубы 2028 жылға дейін жарамды келісімшарт ұсыныпты. Одан бөлек Сауд Арабиясы мен Түркияның клубтары қызығушылық білдірген.
37 жастағы поляк форварды осы маусымда 40 матчта 17 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.