22.04.2026 08:18
«Лестер» Чемпионшиптен ұшып кетті
22.04.2026 08:18
«Лестер» Чемпионшиптің 44-турында «Халлмен» (2:2) тең тарқасты

Осылайша біріншіліктің аяқталуына екі тур қалғанда Бірінші лигаға, яғни үшінші дивизионға түсіп қалды.
Гари Роуеттің шәкірттері 42 ұпаймен турнир кестесінде 23-орында тұр. Енді қалған барлық ойында жеңіске жетсе де қауіпті аймақтан шыға алмайды.
«Түлкілер» өткен маусымда АПЛ-де ойнаған еді. 2015/16 жылғы маусымда тіпті Англия чемпионы атанған. Ал үшінші дивизионға 2008/2009 жылғы маусымнан бері алғаш рет түсіп қалды.