22.04.2026 05:26
«Брайтон» «Челсиді» ойсырата жеңді
22.04.2026 05:26
Ағылшын Премьер-лигасының 34-турында «Брайтон» өз алаңында «Челсиді» 3:0 есебімен тізе бүктірді

«Амекс» стадионында өткен кездесуде Ферди Кадиоглу, Джек Хиншелвуд және Дэнни Уэлбек гол соқты.
Осылайша Лондонның клубы турнир кестесінде 48 ұпаймен жетінші орында қалды.
Лиам Росеньор шәкірттері келесі турда 4 мамыр күні «Ноттингем Форестті» қабылдайды.