21.04.2026 16:20

«Реал» ойыншысы «Арсеналға» ауысуы мүмкін

21.04.2026 16:20

«Реал» қорғаушысы Альваро Каррерасқа «Арсенал» көз тікті

Экрем Конурдың хабарлауынша, Лондонның клубы оны өз қатарынан көргісі келеді. Бас бапкер Микель Артета Каррерасты аттай қалап отыр екен.

Одан бөлек Альвароға «Манчестер Юнайтед», «Ювентус» және «Наполи» қызығушылық танытуда. Бірақ «Реалдың» оны жібере қоюы неғайбыл.

Каррерас Мадрид клубына өткен жазда «Бенфикадан» 50 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 37 матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Ал келісімшарты 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram