21.04.2026 12:40

Мамардашвили қатардан шықты

21.04.2026 12:40

«Ливерпуль» қақпашысы Гиорги Мамардашвили қатардан шықты

25 жастағы грузиялық голкипер «Эвертонге» (2:1) қарсы ойында жарақат алып қалыпты. Осыған байланысты 2-4 апта көлемінде командасына көмектесе алмайды.

Енді алдағы «Кристал Пэласпен» (25 сәуір) ойында «қызылдардың» қақпасын Фредди Вудмен қорғайды. Ал бұлшық етін зақымдап алған Алиссон «Манчестер Юнайтедке» (3 мамыр) қарсы ойынға дайын болады екен.

33 турдан кейін 55 ұпай жинаған Мерсисайдтың клубы Ағылшын Премьер-лигасында бесінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram