21.04.2026 09:55
«Манчестер Ситиден» тағы бір ойыншы кетеді
21.04.2026 09:55
«Манчестер Сити» қорғаушысы Джон Стоунз командадан кетеді

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайды. Ол маусым соңына дейін командасына көмектесіп, жазда кету туралы шешім қабылдады.
31 жастағы англиялық ойыншы «қалалықтардың» намысын 2016 жылдан бері қорғап келді.
Осыған дейін Бернарду Силваның да жазда клубпен қош айтысатыны белгілі болған еді.