21.04.2026 09:02
Ямаль жылдың үздік жас спортшысы атанды
21.04.2026 09:02
«Барселона» вингері Ламин Ямаль Laureus нұсқасы бойынша 2025 жылдың үздік жас спортшысы атанды

«Спорттағы Оскар» саналатын жүлде оған Мадридте өткен марапаттау рәсімінде табысталды.
Одан бөлек ПСЖ жылдың үздік командасы атанып, «шабыт» жүлдесін Тони Кросс жеңіп алды.
Ал «жылдың үздік спортшысы» аталымы бойынша теннисшілер Карлос Алькарас пен Арина Соболенко топ жарды.