21.04.2026 08:31

«Вулверхэмптон» АПЛ-ден ұшып кетті

21.04.2026 08:31

«Вулверхэмптон» Ағылшын Премьер-лигасындағы жеті маусымнан кейін жоғарғы дивизионнан ұшып кетті

33-турдың соңғы ойынында «Вест Хэм» «Кристал Пэласпен» (0:0) тең ойнады. Бұдан кейін «Вулверхэмптонның» АПЛ-де қалу мүмкіндігі қалмады.

Осылайша «қасқырлар» чемпионаттың аяқталуына бес тур қалғанда Чемпионшипке ұшып кетті. Команда АПЛ-де 2018/19 жылғы маусымнан бері ойнап келген еді.

Небәрі 17 ұпай жинаған Роб Эдвардс шәкірттері турнир кестесінде соңғы 20-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram