20.04.2026 20:20

Лукман мен Серлот жарақат алды

20.04.2026 20:20

«Атлетико» шабуылшылары Адемола Лукман мен Александер Серлот қатардан шықты

Қос футболшы Испания кубогының финалындағы «Реал Сосьедадқа» (2:2, пен. 3:4) қарсы кездесуде жарақат алып қалыпты.

Лукманның сан бұлшық еті ісіп кетіпті, ал Серлот аяғын қатты ұрып алған екен. Осыған байланысты екеуі Ла Лиганың 32 және 33-турындағы «Эльче» (22 сәуір) мен «Атлетикке» (25 сәуір) қарсы ойынға қатыспайды. Ал 29 сәуірде Мадридте өтеді деп жоспарланған Чемпиондар лигасы жартылай финалының «Арсеналға» қарсы бірінші матчына олардың қатысу-қатыспауы белгісіз болып тұр.

30 жастағы норвегиялық форвард осы маусымда 48 матчта 17 гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ал командаға қыста қосылған 28 жастағы нигериялық шабуылшы «Атлетико» үшін 18 матчта жеті гол соғып, төрт ассист жасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram