20.04.2026 19:56
Витинья қатардан шықты
20.04.2026 19:56
ПСЖ жартылай қорғаушысы Витиньяның жағдайы белгілі болды

Ол Франция Бірінші лигасының 30-турындағы «Лионға» (1:2) қарсы кездесуде жарақат алған еді. Медициналық тексерістен кейін өкшесі зақымдалғаны анықталды. Осыған байланысты апта соңында қайта тексерістен өтеді. Ал оған дейін алаңға шықпай, ем қабылдайды екен.
Париждің клубы 29 сәуір күні Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы матчында «Баварияны» қабылдайды. Витиньяның бұл матчқа қатысу-қатыспауы белгісіз болып тұр.
26 жастағы португалиялық ойыншы осы маусымда 45 матчта жеті гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.