20.04.2026 13:56
Симеоне «Челси» бас бапкері атануы мүмкін
20.04.2026 13:56
«Атлетико» бас бапкері Диего Симеоне «Челсиді» тізгіндеуі мүмкін

The Sun хабарлауынша, қазіргі бапкер Лиам Росеньордың Лондон клубындағы болашағы бұлыңғыр. Ол маусым соңында командадан кетеді деп күтілуде. Ал Росеньордың орнына басшылық Симеонені шақыруды жоспарлап отыр.
Симеоне «матрасшыларды» 2011 жылдан бері жаттықтырып келеді. Қазіргі келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.