20.04.2026 11:48
«Бавария» өз рекордын жаңартты
20.04.2026 11:48
«Бавария» тарихта болмаған нәтиже тіркеді

Венсан Компани шәкірттері осы маусымда барлық турнирде 161 гол соқты. Бұрын-соңды клуб бір маусымда бұлай көп гол соқпаған.
Ал осыған дейінгі рекорд 2019/20 маусымда тіркеліп, ол кезде Ханс-Дитер Фликтің командасы 159 гол соққан.
Айта кетейік, Мюнхеннің клубы кеше «Штутгартты» 4:2 есебімен жеңіп, чемпионаттың аяқталуына төрт тур қалғанда мезгілінен бұрын Германияның 35 дүркін чемпионы атанып қойды.