20.04.2026 09:53

Левандовскиге жеті клуб «құда түсті»

20.04.2026 09:53

«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски клуб ауыстыруы мүмкін

Mundo Deportivo хабарлауынша, оған жеті клуб көз тігіп отыр. Нақтырақ айтсақ, Робертті «Ювентус», «Милан», «Ливерпуль», «Челси», «Чикаго Файр», «Атлетико» және «Фенербахче» өз қатарынан көргісі келеді.

Левандовски Каталонияның клубына 2022 жылы «Бавариядан» 45 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 40 матчта 17 гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Ал келісімшарты 30 маусымға дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram