20.04.2026 09:06
Лэмпард Чемпионшиптің үздік бапкері атанды
20.04.2026 09:06
«Челси» мен Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Фрэнк Лэмпард Чемпионшиптің осы маусымдағы үздік бапкері атанды

Оның тұсында «Ковентри» біріншіліктің аяқталуына үш тур қалғанда мезгілінен бұрын Ағылшын Премьер-лигасына жолдама алып қойды. Осылайша 2000 жылдан бері алғаш рет жоғарғы дивизионда ойнайды.
47 жастағы маман «Ковентриді» 2024 жылдың қарашасынан бері жаттықтырып келеді.