19.04.2026 22:52
«Манчестер Сити» «Арсеналдан» басым түсті
19.04.2026 22:52
Ағылшын Премьер-лигасының 33-турында «Манчестер Сити» өз алаңында «Арсеналдан» басым түсті

«Этихад» стадионында өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Райан Шерки мен Эрлинг Холанд гол соқты. Ал «Арсеналдың» жалғыз голының авторы – Кай Хаверц.
Осылайша «қалалықтар» 67-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде 70 ұпаймен көш бастап тұрған «Арсеналды» өкшелеп келеді. Айта кету керек, Пеп Гвардиоланың шәкірттерінің еншісінде кейінге шегерілген тағы бір ойын бар.
Келесі турда «қалалықтар» «Бёрнлиге» қонаққа барса, «зеңбірекшілер» «Ньюкаслды» қабылдайды.