19.04.2026 19:54

«Ливерпуль» жеңісті жұлып әкетті

19.04.2026 19:54

Ағылшын Премьер-лигасының 33-турында «Ливерпуль» сырт алаңда «Эвертонды» тізе бүктірді

«Хилл Дикинсон» стадионында өткен Мерсисайд дербиі 1:2 есебімен аяқталды. Алғашқы голды 29-минутта Мұхамед Салах соқса, 54-минутта Бету таразы басын теңестірді. Ал жеңіс голын 90+11-минутта Вирджил Ван Дейк соқты.

Осылайша «қызылдар» 52-ұпайын еншілеп турнир кестесінде бесінші орынға жайғасты.

Арне Слоттың шәкірттері келесі турда 25 сәуір күні «Кристал Пэласты» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram