19.04.2026 19:33
Салах Анридің нәтижесін қайталады
19.04.2026 19:33
Ағылшын Премьер-лигасының 33-турында «Ливерпуль» сырт алаңда «Эвертонмен» ойнап жатыр

«Хилл Дикинсон» стадионында өтіп жатқан матчтың 29-минутында Мұхамед Салах есеп ашты.
Осылайша ол 51-мәрте АПЛ матчында «Ливерпульді» 1:0 есебімен алға шығарды. Дәл осындай көрсеткішті Тьерри Анри «Арсенал» сапында тіркеген еді.
Айта кетейік, Мерсисайд дербиінің АПЛ-дегі тарихында «Ливерпуль» бірінші таймда жеңіске жетіп тұрып, ешқашан ұтылмаған (18 жеңіс, 5 тең нәтиже). Қазір ойынның 75-минуты өтіп жатыр, есеп – 1:1.