19.04.2026 18:57
Уоткинс алтыншы маусым қатарынан АПЛ-де 10+ гол соқты
19.04.2026 18:57
Ағылшын Премьер-лигасының 33-турында «Астон Вилла» өз алаңында «Сандерлендті» 2:1 есебімен жеңіп жатыр

Алаң иелерінің қос голын 2 және 36-минутта Олли Уоткинс қақпаға тоғытты. Осылайша ол өзі ойнаған барлық алты АПЛ маусымында 10+ гол соқты.
2020/21 маусымда – 14 гол
2021/22 – 11
2022/23 – 15
2023/24 – 19
2024/25 – 16
2025/26 – 11.
30 жастағы англиялық форвард Бирмингемнің клубына 2020 жылы «Брентфордтан» 34 миллион еуроға ауысып келген еді.