19.04.2026 18:34

Собослаи АПЛ-дегі 100-матчын өткізді

19.04.2026 18:34

Ағылшын Премьер-лигасының 33-турында «Ливерпуль» сырт алаңда «Эвертонмен» ойнап жатыр

Бүгін Доминик Собослаи Англия чемпионатындағы 100-матчын өткізуде. Осылайша ол АПЛ-де 100+ ойыны бар екінші венгриялық ойыншы атанды. Рекорд 172 кездесуде алаңға шыққан «Фулхэм» және «Вест Бромвичтің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Золтан Гераға тиесілі.

Собослаи Мерсисайдтың клубына 2023 жылы «Лейпцигтен» 70 миллион еуроға ауысып келген еді.

«Хилл Дикинсон» стадионында өткен матчтың 35-минутында «қызылдар» 1:0 есебімен жеңіске жетіп жатыр. Алғашқы голды 29-минутта Мұхамед Салах соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram