19.04.2026 16:58

Фоден «Манчестер Ситимен» келісімшартты ұзартады

19.04.2026 16:58

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Фил Фоден клубта қалады

Қос тарап келісімшартты 2030 жылдың жазына дейін ұзарту туралы келіссөз жүргізіп жатыр екен. Сондай-ақ оны тағы бір маусымға созу мүмкіндігі болады.

Фоден – «Манчестер Сити» түлегі. 25 жастағы англиялық ойыншы осы маусымда 43 матчта 10 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram