19.04.2026 21:26
Салах Мерсисайд дербиінің үздік сұрмергені атанды
19.04.2026 21:26
Ағылшын Премьер-лигасының 33-турында «Ливерпуль» сырт алаңда «Эвертонды» 2:1 есебімен тізе бүктірді

Матчта алғаш болып Мұхамед Салах 29-минутта есеп ашты. Осылайша ол Мерсисайд дербиінің АПЛ-дегі ең үздік сұрмергені Стивен Джеррардтың нәтижесін қайталады. Екеуі де «Эвертон» қақпасын ішкі біріншілікте тоғыз мәрте тулатқан.
Салах «қызылдардың» намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. 33 жастағы мысырлық ойыншы осы маусымда 38 матчта 12 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді. Ол осыған дейін 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпай, жазда клубтан кететінін хабарлаған еді.